English Русский Қазақша
uploader

ЖЭК секторы туралы

Қазақстанда «жасыл» экономикаға көшу бойынша тұжырымдамасы қабылданды және іске асырылады, тиімді заңнамалық база құрылды және нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленді.

10 МВт

Биогаз қондырғылары

290 МВт

Су электр станциялары

ЖЭК секторы туралы
467 МВт

Фотоэлектрлік түрлендіргіштерін пайдаланатын, күн электр станциялары

933 МВт

Жел электр станциялары

1700 МВт

2020 жылға арналған ЖЭК пайдалану бойынша объектілердің белгіленген жиынтық қуаты

Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемінің үлесі

ЖЭК секторы туралы

* баламалы энергетикасын ескере отырып

2009 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергетика секторын дамытуды қолдау бойынша бірінші заңнамалық бастамалар қабылданды. 2009 жылы жылу және электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын көздерін пайдалануды қолдауға бағытталған, «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңы қабылданды.

2013 жылы тіркелген тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздері өндіретін, барлық электр энергиясын орталықтандырылған кепілдендірілген сатып алуға негізделген, жаңартылатын энергетика секторын мемлекеттік қолдау механизмі іске қосылды.

Бүгінгі күні жиынтық белгіленген қуаты 352,5 МВт құрайтын, 58 жаңартылатын энергия объектілері қолданысқа енгізілді. «Белгіленген тарифтер» механизмін қолдану уақытында еліміздің энергия теңгерімінде ЖЭК объектілерінің белгіленген қуатының 1%-на жетуге болатындығын атап өткен жөн, 2017 жылы ЖЭК объектілерінің электр энергиясының генерациясы шамамен электр энергиясының 1,1 млрд. КВт/сағатын құрады. Тіркелген тарифтерді қолдану механизмі 2018 жылдың ақпан айына дейін жалғасты.

ЖЭК секторындағы технологиялардың қарқынды дамуы, ЖЭК салғысы келетін инвесторлар санының артуымен, неғұрлым тиімді жобаларды, ең озық технологиялық шешімдермен және ең аз күрделі шығындармен жобалардың әділ және бәсекеге қабілетті іріктеп алуын қамтамасыз етуге қабілетті механизмін енгізуді талап етеді. Бүгінгі таңда осы талаптарға жауап беретін әлемдік үрдіс — бұл ЖЭК жобаларын таңдап алуға бағытталған, аукциондық сауда-саттықтардың механизмі.

2018 жыл бірінші аукциондық сауда-саттықтардың озық стартымен ерекшеленді.

Аукциондық сауда-саттықтардың ендірілген механизмі осы саладағы — IRENA, NREL, USAID танылған халықаралық сарапшыларын, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы" АҚ, «KAZENERGY» ЗТБ, КЭА сияқты қоғамдық ұйымдарын тарта отырып, озық әлемдік тәжірибені зерделеуге негізделген.