English Русский Қазақша
uploader

Өтініштің қаржылық қауіпсіздігі

АУКЦИОН САУДАЛАРЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМДЕРДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен қоса алғанда, аукцион саудаларын ұйымдастыру және өткізу Қағидаларында қаралған талаптарға сәйкес ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукцион саудаларына қатысу мақсатында өтінім беру тәртібі мен мазмұны, аукционға қатысу үшін өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлері және оларды енгізу және қайтару, қортынды жасау тәртібі мен жеңімпазды анықтау (бұдан әрі – аукцион сауда саттығы Қағидалары) үшін өтініш иесі есеп айрысу-қаржы орталығының пайдасына шығарылатын аукционға қатысу үшін қаржылық қамтамасыз ету ұсынуы тиіс.

Өтініш иесі SWIFT жүйесінде шығарылатын аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің төмендегі түрлерінің бірін таңдайды:

  1. банк кепілдігі;
  2. резервтік аккредитив.

Аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімді қаржылық қамтамасыз ету соммасының мөлшерін өтініш иесі жеке есептейді. Өтінімді қаржылық қамтамасыз ету көлемі аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдаланатын нысанның белгіленген қуаттылығына көбейтілген белгіленген қуаттылықты 1 (бір) килловатқа 2000 (екі мың) теңге құрайды.

Ескерту*. Мысалы, Сіз қуаттылығы 50 МВт күн электрстанциясы жобасымен ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукцион саудаларына қатысуды жоспарладыңыз дейік, бұл жерде аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімді қаржылық қамтамасыз ету сомасы:
50 000 (кВт)*2000(теңге/кВт) = 100 000 000 теңгені құрайды.

Қаржылық қамтамасыз ету аукцион саудаларын өткізу уақытынан 150 (жүз елу) күнтізбелік күннен кем емес мерзімге рәсімделеді және қайтарымсыз болып табылады.

Аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді алу үшін Өтініш иесі өзбетінше аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімге қаржылық қамтамасыз етуді беретін Банкті таңдайды. Назар аударатын жағдай, аукцион саудалары Ережелерінің 49 тармағына сәйкес аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ететін банктік кепілдемелер немесе резервтік аккредитив:

  1. ҚР резиденттері – банктерден, шетелдік валютада ұзақмерзімді кредиттік рейтинг түрінде Standard&Poor’s бойынша «В» немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody’s Investors Service бойынша "В3" немесе Standard&Poor’s бойынша "BВB", Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody’s Investors Service бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес (ҚР резиденті- банктің 50% акциясы тиесілі ата-аналық мекеме рейтингі бойынша;
  2. ҚР резиденті емес – банктерден, Standard&Poor’s бойынша "ВВВ", Fitch "Ваа2" бойынша Moody’s Investors Service "ВВВ төмен емес шетелдік валютадағы ұзақмерзімді кредиттік рейтинг бойынша беріледі.

Сонымен, Қазақстан Республикасының резиденттері емес – банктердің банктік кепілдемелері мен резервтік аккредитивтері осы тармақтың ** 1) тармақшасына сәйкес резидент емес банктерді бақылау міндеттемелер арқылы кепілдемелер шығару жолымен резидент-банктердің растауы тиіс.

Ескерту**. Аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімге қаржылық қамтамасыз ету үшін Банкке өтініш білдіре отырып Сіз таңдаған банктің аукцион саудалары Ережелерінің 49 тармағымен анықталған критерийлерге сай келетінін міндетті түрде тексеруңіз.

Аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімді қаржылық қамтамасыз ету есеп айрысу-қаржы орталығының пайдасына шығарылады және аукцион саудалары басталған күнге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шыққаннан кейін «Жаңартылған энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айрысу-қаржы орталығы» ЖШС келесі серіктес-Банктерінің бірінде аукционға қатысу үшін өтінімді қаржылық қамтамасыз етуге қол қояды:

  • АО «ForteBank» (немесе АО "Банк ЦентрКредит")

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімді қаржылық қамтамасыз етумен байланысты барлық шығындар мен банк комиссиялары, сонымен қатар қабылдаушы Банктің (бенефициар) комиссияларын өтініш иесі өтейді.

Өтініш иесі банктік кепілдеме немесе резевртік аккредитив түрінде енгізген аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімнің қаржылық қамтамасыз етуі төмендегі жағдайлардың бірі туындаған кезде қатысушы есеп айрысу-қаржы орталығына жазбаша өтініш білдіргеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарылады:

  1. аукцион саудаларының нәтижесі бойынша аукцион саудаларының жеңімпазы болып танылмаған қатысушы;
  2. сатып алу келісім шартын жасаған жеңімпаз

Егер аукцион саудасының жеңімпазы сатып алу келісім шартын жасаудан жалтарған жағдайда есеп айрысу-қаржы орталығы тиісті банктік кепілдеме немесе резервтік аккредитив бойынша төлем жасау үшін талап қояды

Төменде Сіз ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукцион саудаларына қатысу үшін банк кепілдемесі (резервтік аккредитив) нысанының үлгісін жүктей аласыз.

Нысаны толтыру

Аукцион саудаларына қатысу үшін өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді рәсімдеу мақсатында Сіздерге «Жаңартылған энергия көздері жөніндегі есеп айрысу – қаржы орталығы» ЖШС реквизиттерін ұсынамыз:​

Заңды мекен-жайы: Астана қ., Тәуелсіздік д., 59.

Тел./Факс: +7 7172 69 37 25

БСН 130840019312

ҚҚС бойынша тіркеу куәлігі Серия 62001 № 0020007 11.12.13 ж.