English Русский Қазақша
uploader

Шарттың қаржылық қауіпсіздігі

САТЫП АЛУ КЕЛІСІМ ШАРТЫНЫҢ ШАРТТАРЫН ОРЫНДАУДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидалары, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібінде қарастырылған ережелерге сәйкес (бұдан әрі қарай - Орталықтандырылған сатып алу қағидалары), ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-мен сатып алу келісім шартын жасау үшін 60 күнтізбелік күн ішінде:

  • ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы деп танылған Өтінім беруші, оны  және оның ЖЭК пайдалану бойынша нысан құрылысы жөніндегі тиісті жобасын өкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші мекемелер тізіміне енгізгеннен кейін Өтінім береді;
  • ҚЭКЖ жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы атанған Өтінім беруші оны аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары реестріне енгізген сәттен бастап, әрбір қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісімен өндірілген электр энергиясын сатып алу келісім шартын жасау үшін Өтінім береді.

 

Өтінішкер сатып алу келісім шартының шарттарын орындауды қамтамасыз ету үшін қаржылық қамтамасыз етудің төмендегі түрлерінің бірін таңдайды:

  1. SWIFT жүйесі бойынша шығарылатын банктік кепілдеме немесе резервтік аккредитив. Банктік кепілдеме немесе резервтік аккредитив теңгемен шығарылады.

Егер сатып алу келісім шартының шарттарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету үшін Өтінішкер банк кепілдемесін (резервтік аккредитив) шығару шешімін қабылдаса Өтінішкер өз бетінше сатып алу келісім шартының шарттарын орындауды қаржылық қаматамасыз ету үшін банктік кепілдеме (резервтік акрредитив) шығаратын Банкті таңдайды. Назар аударатын жағдай, Орталықтандырылған сауда-саттық Қағидаларының 95 тармағына сәйкес Өтінішкер банктік кепілдеме немесе резервтік аккредитив төмендегідей ұсынылуы тиіс:

  1. ҚР резиденттері – банктерден, шетелдік валютада ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг түрінде Standard&Poor’s бойынша «В» немесе Fitch бойынша "В-"немесе Moody’s Investors Service бойынша "В3" немесе Standard&Poor’s бойынша "BВB", Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody’s Investors Service бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес (ҚР резиденті- банктің 50% акциясы тиесілі ата-аналық мекеме рейтингі бойынша; 
  2. ҚР резиденті емес – банктерден, Standard&Poor’s бойынша "ВВВ", Fitch "Ваа2" бойынша Moody’s Investors Service "ВВВ төмен емес шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бойынша беріледі.

Сонымен, Қазақстан Республикасының резиденттері емес – банктердің банктік кепілдемелері мен резервтік аккредитивтері осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес резидент емес банктерді бақылау міндеттемелер арқылы кепілдемелер шығару жолымен резидент-банктердің растауы тиіс.

Сатып алу келісім шартының шарттарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету мөлшері аукцион сауда саттығының жеңімпаздары тізілімінде көрсетілген ЖЭК нысанының берілген қуаттылығына көбейтілген, белгіленген қуаттылықа 1 (бір) кВт 10 000 (он мың) теңгені құрайды.

Ескерту*. Мысалы, Сіздің компанияңыз күн электрстанциясына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукцион сауда саттығының жеңімпазы болып танылды дейік, аукцион сауда саттығының жеңімпаздары тізілімінде берілген жоба қуаттылығы 50 000 кВт құраса сатып алу келісім шартының шарттарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету соммасы 50 000 (кВт)*10 000 (теңге/кВт) = 500 000 000 теңге. 

Сатып алу келісім шартының шарттарын орындауды қаржылық қамтмасыз етуді алу үшін Банкқа өтініш білдіре отырып Сіз таңдаған Банктің орталықтандырылған сатып алу Қағидаларының 95 тармағымен анықталған критерийлерге сәйкестігін тексеріңіз. Сіз таңдаған Банк аталған критерийлерге сәйкес келмесе нақты сатып алу келісім шартының шарттарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС қабылдамайды.

Аукцион саудаларына қатысу үшін қаржылық қамтамасыз ету (банктік кепілдеме немесе резервтік аккредитив түрінде) шыққаннан кейін өтінішкер «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС серіктес-Банкте шығарылған сатып алу келісім шартын орындауды қаржылық қамтамасы етуге қол қояды: «ForteBank» АҚ (егер банктік кепілдеме "ForteBank" АҚ шығарылса оны «Банк Цент Кредит» АҚ авизалау қажет.

Келісім шарт шарттарын орындауды қаржылық қамтамасыз етумен байланысты барлық банк комиссиялары мен шығындары, сонымен қатар қабылдаушы Банк (бенефициар) шығындарын аукцион сауда сатығының жеңімпазы (сатушы) төлейді.
Банктік кепілдеме немесе резервтік аккредитив қайтарымсыз болып табылады және сатып алу келісім шартынақол қойылған уақыттан бастап қабылдаушының (бенефициар) тапсырмасы бойынша толық немесе ішінара орындау мүмкіндігі қаралады:

  • күн электрстанциялары үшін – 25 айда кем емес; 
  • жел және биогаз электстанциялары үшін 37 (отыз жеті) айдан кем емес.
  • гидроэлектростанциялар үшін – 49 (қырық тоғыз) айдан кем емес;
  • ҚЭКЖ объектілері үшін – 61 (алпыс бір) айдан кем емес.

Сатып алу келісім шартының шарттарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету келесі жағдайларда орталықтандырылған сатып алу Қағидаларының 98 тармағымен белгеленген тәртіпте ұсталады:

  1. ЖЭК объектілері үшін:

1) егер сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 12 ай (күн электр станциялары үшін), 18 ай (жел және биогазды электр станциялары үшін), 24 ай (гидро электр станциялары үшін) өткен соң 6 ай ішінде сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесі ұсынылмаса – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30% көлемінде;

 2) егер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаса – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% көлемінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуінің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% көлемінде сатып алу шартына қол қойған күннен бастап мына мерзімдерде:

күн электр станциялары үшін – 24 (жиырма төрт) ай ішінде;

жел және биогаз электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

гидроэлектр станциялары үшін – 60 (алпыс) ай ішінде.

  1. ҚЭКЖ объектілері үшін:

            1) сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай өткеннен кейін 6 (алты) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынбаған кезде – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30% - ы мөлшерінде;

         2) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауына сәйкес айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні қабылдау актісінің көшірмесін ұсынбаған кезде-сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% - ы мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігі ұстап қалған жағдайда, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі – Сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% - ы.

Сіз төменде сатып алу келісім шартының шарттарын орындаудың банктік кепілдемелері (резервтік аккедитив) нысандарының үлгілерін жүктей аласыз.

Сатып алу келісім шартының шарттарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді рәсімдеу мақсатында «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС реквизиттерін ұсынамыз:

Заңды мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59

Тел./Факс: +7 7172 69 01 06

БСН 130840019312

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік 11.12.13 ж. Серия 62001 № 0020007

.